Контентке өту

Шерзат Полат ісінен кейін қызметінен кеткен полицей жаңа лауазымға тағайындалды

Шерзат Полат ісінен кейін қызметінен кеткен полицей жаңа лауазымға тағайындалды
ашық дерек

Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Серік Шалқаров жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл ақпаратты Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, Серік Шалқаров бұған дейін Талғар қаласында болған Шерзат Полаттың өліміне байланысты қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін қызметінен босатылған болатын. Сол кезде Ішкі істер министрлігінің өкімімен Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының бірқатар өкілдеріне қатысты кадрлық шешімдер қабылданған еді.

Енді бұрынғы бірінші орынбасар құқық қорғау органдарындағы қызметін Ақтөбе облысында жалғастырады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты