Контентке өту

Шерзат Болат ісі: Талғарға жаңа бас полицей келді

Шерзат Болат ісі: Талғарға жаңа бас полицей келді
Фото: Алматы облысы Полиция департаменті
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Асхат Бекенов тағайындалды.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полковник Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды заң институтын тәмамдәді. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді. Мансабын Павлодар облысы Қашыр АІІБ жедел уәкілі қызметінен бастаған. 

Лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты