Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан азаматы Нұрлан Сабуровтың өзі де, оның заңды өкілдері де Ресейдегі Қазақстан елшілігіне қандай да бір өтінішпен жүгінбеген. Сонымен қатар Ресей тарапынан оның ұсталғаны жөнінде ресми ақпарат түспегені атап өтілді.
Министрлік қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты нақты расталған деректер жоқ екенін жеткізді.