Министрлік мәліметінше, тексеру барысында әскери бөлімдердің дайындығы, техника мен басқару құрылымдарының жұмыс деңгейі қарастырылады. Техниканың қозғалысы жоспарлы түрде жүргізіледі және қауіпсіздік талаптары сақталады.
Осыған байланысты азаматтарға жол қозғалысын жоспарлау кезінде мүмкін болатын уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.
Қорғаныс министрлігі тұрғындарды, БАҚ өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.