Контентке өту

«Сонша ашқаны несі?» - Мадина Сәдуақасованың образы қызу талқыға түсті

«Сонша ашқаны несі?» - Мадина Сәдуақасованың образы қызу талқыға түсті
ашық дерек

Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова Наурыз мерекесіне орай арнайы түсірілген фотосессиясын көпшілік назарына ұсынды. Алайда өнер иесінің көктемгі образы әлеуметтік желіде екіұдай пікір тудырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әнші жариялаған жазбасында бұл фотосессияның Наурызға арнайы дайындалғанын айтып, образға қатысты түрлі пікірлердің болғанын жасырмады.

- «Бұл образға қатысты пікірлер әртүрлі болды. Стилист пен фотограф заманауи әрі әдемі деп бағаласа, кейбіреулер керісінше, үйлеспейді, тіпті жариялаудың қажеті жоқ деген ой айтты. Ал мен үшін бұл - қазақы ұлттық нақыш элементтері бар кешкі образ», - деді әнші.

Желі қолданушылары да өз ойларын ашық білдіріп жатыр. Бірі әншінің батылдығын жоғары бағалап, жаңа стилін қолдаса, енді бірі ұлттық құндылықтармен үйлесім таппағанын алға тартты.

Сын айтқандардың пікірінше, қазақы стильдегі образда жабықтық сақталуы тиіс.
- «Қазақы нақыш болса, иық жабық болуы керек»,
- «Сонша ашық киінудің қажеті бар ма?»,
- «Бұрын қазақ қыздары бұлай киінбеген»,
- «Иығы жабық болса, одан да үйлесімді көрінер еді»
деген пікірлер желіде жиі жазылуда.

Қалай болғанда да, әншінің бұл фотосессиясы көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты