Контентке өту

Сотта әкесінен жауап алынғанда Сұлтан Сәрсемәлиев көз жасына ерік берді

Сотта әкесінен жауап алынғанда Сұлтан Сәрсемәлиев көз жасына ерік берді
ашық дерек

Атырау қаласында бес адамның өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде 29 мамыр күні сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиевтен жауап алынды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот отырысы барысында айыпталушының әкесінің жауабы тыңдалды. Осы кезде Сұлтан Сәрсемәлиев көз жасына ерік беріп, басын төмен түсіріп отырды. Судья Зарема Хамидуллина сотталушыдан бірнеше рет басын көтеруді талап етті.

Самиғолла Сәрсемәлиев өз жауабында келіні Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасымен арада ешқандай келіспеушілік болмағанын айтты. Оның сөзінше, құдалар тарапынан бес баланы алып қою туралы мәселе көтерілмеген.

Сонымен қатар куәгер ұлының отбасындағы жағдайлар мен ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелерден хабарсыз болғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін сот отырысында марқұмдардың туыстары мен өзге де куәгерлерден жауап алынып, тараптар оқиғаға қатысты өз уәждерін білдірген болатын. Қазіргі уақытта іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты