Контентке өту

Сотта шу шықты: Жанәбілов журналистердің диктофондарын өшіріп тастады

Сотта шу шықты: Жанәбілов журналистердің диктофондарын өшіріп тастады
ашық дерек

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі кезінде күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот отырысы барысында Жанәбілов журналистердің дыбыс жазу құрылғыларын өшіріп тастап, БАҚ өкілдерінің наразылығын тудырды.

Оқиға сот барысында болған. Блогер өз сөзінде қатты толқып тұрғанын айтып, кей сәттерде қазақ тілінен орыс тіліне ауысып кетуі мүмкін екенін ескерткен. Алайда біраз уақыттан кейін ол күтпеген жерден журналистердің диктофондары мен микрофондарын өшіріп тастаған.

Бұл әрекетке ашуланған журналистер бірден судьяға шағым түсірді. Нәтижесінде барлық құрылғылар қайта қосылып, жағдай реттелді. Кейін Ерболат Жанәбілов БАҚ өкілдерінен кешірім сұрап, өзінің қобалжып тұрғанын жеткізді.

«Уайымдап тұрмын, менде паранойя», – деді ол.

Істі қарап жатқан судья Әділбек Баймаханов блогерге ескерту жасап, мұндай әрекеттің сотқа деген құрметсіздік екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот ісі жалғасып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты