Танымал журналист Гүлмира Дайрабаева желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, тұңғыш немересі дүниеге келгенін хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Медиамаман бұл сәттің өзі үшін ерекше екенін жасырмай, эмоцияға толы жазба жариялаған.
«Сүйінші! Қазақ еліне +1 сіп свежий ӘЖЕ. Немерем! Жылап жазып отырмын. Бақыт құшағындамын», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, журналист бұл қуанышты сәтті ұзақ күткенін атап өтті. Ол немересіне деген ыстық ықыласын жеткізіп, болашақта осы сәтті көрсеткісі келетінін де айтты.
«Немереме әжесі осылай қуанғаны таспада қалсын, өскенде көрсетемін. Тоқтамай келіп жатқан құттықтауларыңызға мың алғыс! Баршаларыңызды құшақтадым», – деді ол.
Желі қолданушылары журналисті жаңа мәртебесімен құттықтап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.