Контентке өту

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот ашық режимде өтеді

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот ашық режимде өтеді
ашық дерек

Атырау облысында қоғамды дүр сілкіндірген қылмыстық іске қатысты сот отырысының күні белгілі болды. Жангельдин ауылындағы Қарабалиндер жанұясының өліміне айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі ашық режимде қаралады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-де басталады. Іске судья Зарема Хамидуллина төрағалық етеді.

Айта кетейік, Зарема Хамидуллина бұған дейін қоғамда резонанс тудырған Яна Легкодимова ісіне де жетекшілік етіп, айыпталушыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Қазіргі уақытта сот процесінің тікелей эфирде көрсетілетіні немесе көрсетілмейтіні жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Іске қатысты қоғам назары жоғары болып отыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты