Контентке өту

Света Айтбаева ұмытылып бара жатқан қазақы дәстүр туралы айтты

Света Айтбаева ұмытылып бара жатқан қазақы дәстүр туралы айтты
Ашық дерек

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қыз ұзатуға байланысты ұмытылып бара жатқан дәстүр жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол бұрын қыз ұзату тойларының күндіз өткізілетінін айтып, оның астарында терең мағына жатқанын жеткізді.

«Қазақ қыз баланы түс ауғанша ұзатқан. Оның өзіндік терең мағынасы бар. Соңғы жылдары түнгі 12-де мейрамханадан шығарып жіберетін әдет пайда болды. Мүмкін уақытты үнемдеудің шарасы болар», — деп жазды Света Айтбаева.

Сондай-ақ ол өз өңіріндегі қыз ұзату дәстүрінің қалай өтетінін де баяндады.

«Біздің өңірде той өткен соң ертеңіне арнайы қой сойып, қыз бен күйеуге, құдаларға қонақасы беріледі. “Қыз — қонақ” деген сөз осы дәстүрге қатысты да айтылған болуы керек. Әкесінің босағасынан алғаш рет қонақ ретінде арнайы қонақасын жеп, өз жұртына аттанады», — деді ол.

Айтуынша, қыздың таң нұрымен, елдің батасын алып аттануы — ежелден келе жатқан ырымдардың бірі.

«Маңдайы ашық болсын деп, таң нұрына, күн сәулесіне бөленіп, ел-жұртының батасын алып өз босағасынан шығады. Жеңгелері құдалардың көрімдігін алып, қыз жасауын көшке тиейді.

“Құда тартар” салтын жасап, әзіл-қалжыңмен, ақ батамен, сән-салтанатымен қызды шығарып салады. Міне, біз де Раушантайды ата-баба салған жолмен, сол дәстүрден ауытқымай ұзаттық. Сол керемет сәтті еске түсірген әдемі сурет», — деп бөлісті Света Айтбаева.

Желі қолданушылары бұл жазбаға қатысты жылы пікір білдіріп, қазақы салт-дәстүрдің сақталғанына ризашылықтарын жеткізген.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты