Біз күнделікті көшеде полиция қызметкерін, мектепте мұғалімді, ал теледидардан журналисті көруге үйренгенбіз. Олардың жұмысы бізге үйреншікті әрі қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда, осы «қарапайым» қызметтердің артында қаншама тер мен көз жасы, ұйқысыз түндер мен психологиялық қысым жатқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жуырда жарияланған бейнероликте әр маман иесі өз жұмысының шынайы бет-пердесін ашады. Мәселен, өрт сөндіруші үйінде бала-шағасы күтіп отырса да, өртеніп жатқан ғимаратқа бірінші болып кіреді. Ал мұғалім жеті сабақтан соң басы ауырып, жағы талып тұрса да, білім беруін тоқтатпайды.
Бұл видеоның басты мақсаты - әр мамандықтың қадірін түсіну және еңбек адамдарына құрметпен қарау. Жұмыстың оңайы жоқ, тек сол жұмысқа деген адалдық пен төзім бар. Біздің қауіпсіздігіміз бен жайлылығымыз - осындай жандардың күнделікті ерлігінің жемісі.