Контентке өту

Т. Рысқұлов ауданында 80 отбасы баспаналы болды

Т. Рысқұлов ауданында 80 отбасы баспаналы болды

Т. Рысқұлов ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері 80 отбасы жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иеленді.

Т. Рысқұлов ауданында бірқатар отбасыға жаңа баспананың кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұл – азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Ернар Есіркепов жаңа баспанаға ие болған отбасыларды құттықтап, үй иелеріне тұрғын үй кілттерін табыстады. Жиынға тұрғындармен бірге аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ауданда тұрғындарды баспанамен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары өңірде 406 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде Арай алқабында 80 пәтерлі екі тұрғын үй, Луговой ауылында 20 қызметтік пәтер, 210 жеке тұрғын үй және «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген 15 баспана бар.

Тұрғын үй құрылысын одан әрі жалғастыру мақсатында бүгінде «Отбасы банк» АҚ-мен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Оның нәтижесінде биыл 145 отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Жаңа баспаналы болған тұрғындар үшін бұл күн – көптен күткен қуаныштың бастауы. Мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың жүйелі жүзеге асырылуы аудан тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты