Контентке өту

«Таланты көлеңкеде қалыпты»: Мөлдір Мұқанның өнері желіні тәнті етті

«Таланты көлеңкеде қалыпты»: Мөлдір Мұқанның өнері желіні тәнті етті
ашық дерек

Танымал әнші Мөлдір Мұқан жуырда әнші жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың шаңырағында өткен келіндердің басқосуына қатысып, көпшілікті ерекше өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі жұлдызды отбасының келін шайына қонақ болып барып, кеш барысында фортепиано мен гитарада еркін ойнап, жиналғандардың ықыласына бөленді.

Кеште Жазира Байырбекова қазақтың танымал әндерін Мөлдір Мұқанның музыкалық сүйемелдеуімен орындады. Әнші бұл сәттен видео жариялап, оқырмандарына ерекше әсерімен бөлісті.

«Бүгінгі менің концертмейстерім – Мөлдір Мұқан. Оның осындай бесаспап екенін білетін бе едіңіздер?» – деп жазды Жазира Байырбекова.

Желі қолданушылары Мөлдірдің өнеріне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жаудырды.

«Тұрсынбекпен айырылмағанда, бұл шығармашылық өнерлері ашылмай қалар ма еді», «Мөлдір мықты музыкант екен», «Қандай жан-жақты, өте пысық, талантты келіншек», «Өнер деген жатыр екен ғой, өнеріңіз өрлей берсін!», «Мөлдір тұнып тұрған талант», «Недеген өнерлі, әрі сұлу, әрі қылықты едіңіз», «Таланты Тұрсынбектің көлеңкесінде қалыпты» деген пікірлер қалдырған оқырмандар.

Көпшілік Мөлдір Мұқанның әншілік қырынан бөлек, кәсіби музыкант ретіндегі шеберлігіне де тәнті болғанын жасырмады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты