Күштібаевтың айтуынша, ол 2016 жылдан бері Талдықорғандағы Болашақ шағынауданында орналасқан қызметтік пәтерде тұрып келген. 2023 жылдан бастап аталған тұрғын үйді жекешелендіру туралы берген рапорты қаралмай қалғанын алға тартады. Оның сөзінше, ішкі істер органдарында 35 жылдан астам еңбек еткен және жұмыстан босатылса да, қызметтік баспананы жекешелендіруден бас тартуға негіз жоқ.
Сонымен қатар экс-полицей отбасын пәтерден шығармауды сұраған. Қазіргі таңда қызметтік тұрғын үйде оның жұбайы мен үш баласы тұрып жатыр.
Іс Жетісу облысының арнайы ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, сот Күштібаевтың пайдасына шешім шығарған.
Еске салайық, Марат Күштібаев қыз зорлады деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.