1 мамыр күні Тараз қаласындағы «Көне-Тараз» этномәдени кешенінің аумағында орналасқан Достық үйінің алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі!» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл мереке еліміздегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерінің біршаңырақ астындағы татулығының айқын көрінісіне айналды. Салтанатты жиында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Салемов сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Ол өңірдің дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан этнос өкілдерін арнайы марапаттады.
Мерекелік бағдарлама өңірдегі этномәдени бірлестіктердің тарихы мен дәстүрлерін паш ететін, жасанды интеллект арқылы жасалған заманауи бейнеролик көрсетілімімен басталды. Шара аясында «Достық шаңырағы астында» аттыкөрме ұйымдастырылып, алты шатырда ұлттық тағамдар, қолөнер бұйымдары мен салт-дәстүр көріністері көпшілік назарына ұсынылды.
Спорт сүйер қауым ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқандамас-рестлинг, қол күресі, гір көтеру, асық ату, ләңгі тебу және арқан тартудан бақ сынасты. Сонымен қатар, қой көтеру, жастықпен төбелес және бағанаға шығу сияқты этномәдени бірлестіктердің ұлттық ойындары көрермендерге ерекшекөңіл күй сыйлады.
Кішкентай қонақтар да назардан тыс қалмады: олар үшінарнайы ойын-сауық бағдарламасы қарастырылып, цирк өнерпаздары, аниматорлар мен клоундар өнер көрсетті жәнетәттілер таратылды.
Кештің концерттік бөлімінде «Ақкербез» би ансамблі қазақтың көркем «Аманат» биімен көрерменге көтеріңкі көңілкүй сыйлады. Облыстық филармония әртістері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары патриоттық әндер мен халық билерін орындап, түрлі халықтардың мәдениетін паш етті. Мерекелік шара барша қауымды біріктірген аты аңызға айналған «Атамекен» әнімен қорытындыланды.