Контентке өту

Таразда №57 маршруттағы автобустар жаңартылып, жүру бағыты ұзартылды

Таразда №57 маршруттағы автобустар жаңартылып, жүру бағыты ұзартылды
ашық дерек

Тараз қаласында №57 қоғамдық көлік бағытының сызбасы өзгертіліп, маршруттағы ескі автобустар жаңасына ауыстырылды. Жаңартылған бағыт бойынша автобустар 5 қазаннан бастап жолаушыларға қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, №57 маршруттың жүру бағыты «Жансая» шағын ауданынан Әуежай алабына дейін ұзартылды.

Енді автобус «Ауыл-Береке» базарынан жолға шығып, Желтоқсан және Ықылас Дүкенұлы көшелері, «Жансая» және «Бәйтерек» шағын аудандары арқылы Әуежай алабына дейін қатынайды.

Маршруттағы бұрын қызмет көрсеткен төрт ескі автобус жаңартылды. Қазір жолаушыларға ұзындығы 12,5 метр болатын «Yutong» маркалы төмен еденді автобустар қызмет көрсетеді.

Жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 жолаушыға дейін жетеді. Көліктер бейнебақылау камераларымен және электронды төлем жүйесімен жабдықталған.

Қазіргі таңда №57 маршрут бойынша автобустардың жүру аралығы 13 минутты құрайды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты