Сол сәтте жолдан өтіп бара жатқан азамат жағдайды байқап, қызға араша түседі. Оның көмегінің арқасында күдіктілер өз ойларын жүзеге асыра алмай, оқиға орнынан кетіп қалған.
Тараз қалалық полициясы жедел әрекет етіп, күдіктілерді қысқа уақытта анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Құзырлы органдар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырып, күмәнді жағдайлар байқалған сәтте бірден полицияға хабарлауды сұрайды.