Контентке өту

Таразда автосалон менеджері 334 млн теңге жымқырған

Таразда автосалон менеджері 334 млн теңге жымқырған
ашық дерек

Тараз қаласында автосалонның топ-менеджері клиенттер мен өз компаниясын 334 миллион теңгеге алдап соққаны белгілі болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ведомство дерегінше, 25 жастағы сату бөлімінің басшысы құны 90 миллион теңге болатын клиенттің көлігін сатып, ақшасын өз пайдасына жаратқан. Кейін ол басшылықтың рұқсатынсыз әлгі клиентке автосалондағы жаңа жол талғамайтын көлікті 83 миллион теңгеге берген.

Тергеу барысында күдіктінің сатылымға қойылған құны 68 миллион және 34 миллион теңге болатын бірнеше көлікті де сатып, түскен қаржыны иемденгені анықталған.

Бұдан бөлек, ол құны 59 миллион теңге тұратын Toyota Land Cruiser автокөлігін нарық бағасынан төмен сомаға сатып жіберген.

Бірінші сатыдағы сот айыпталушыны 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырған. Алайда прокуратура үкіммен келіспей, наразылық білдірген. Нәтижесінде келтірілген шығын өтелмегендіктен, жаза мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты