Контентке өту

Таразда есту қабілеті зақымданған жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

Таразда есту қабілеті зақымданған жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

2026 жылдың 23–31 наурыз аралығында Тараз қаласында есту қабілеті зақымданған 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтуде, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аталған республикалық додаға еліміздің 7 өңірінен жас спортшылар қатысуда. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Жетісу, Қостанай және Түркістан облыстарынан 36-ға жуық шахматшы өзара бақ сынауда.

Чемпионаттың басты мақсаты – есту қабілеті зақымданған жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың зияткерлік және спорттық деңгейін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Шахмат – логикалық ойлау мен стратегиялық шешім қабылдауды талап ететін зияткерлік спорт түрі. Осы тұрғыда бұл жарыс қатысушыларға тәжірибе алмасуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және өз шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Аталған чемпионат тек жарыс алаңы ғана емес, сонымен қатар жас спортшылардың табандылығы мен ерік-жігерін, рухани беріктігін айқындайтын маңызды спорттық шара болып табылады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты