Тәуекел Мүслім әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесіне қатысты жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Актер балаларының ертіп, әкесінің басына барғанын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі балалық шағы өткен Темірлан ауылын еске алып, уақыттың қалай өткенін толғана жазған. Оның айтуынша, бүгінде өзі әке атанып, балаларымен бірге әкесінің рухына құран бағыштап барған.
«Енді сол әкемнің басына өз балаларыммен келіп отырмын», - деп жазды актер.
Тәуекел Мүслімнің әкесі — Сабыр Мүсілім 90-жылдары ел ішінде белгілі азаматтардың бірі болған. Кей мәліметтерде оның өңірдегі әлеуметтік мәселелерге араласқаны айтылса, кейбіреулер оны даулы тұлға ретінде сипаттайды.