Контентке өту

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында есірткінің заңсыз айналымының алдын алу жұмыстары жалғасуда.

«Таза Қазақстан» акциясы барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және қалалық «Жастар орталығы», қоғамдық белсенділердің қатысуымен есірткі құралдарын насихаттайтын граффити жазуларын өшірді.

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 240 есірткі жарнамасы бар граффити жазуы жойылды.

- Заңсыз граффитилердің басым бөлігінде есірткі заттарын сатуға немесе таратуға қатысты интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетіледі. Мұндай жазуларды дер кезінде анықтап, жою – есірткінің таралуының алдын алудың маңызды бағыттарының бірі, — деп атап өтті ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Кемеңгер Абдибеков. 

Полиция есірткі жарнамасын дер кезінде анықтап, жоюға және оның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты