Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
1-3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 12 ер балуан қорғайды.
60 келіге дейін: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев
66 келіге дейін: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша
73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген
81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай
90 келіге дейін: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов
100 келіге дейін: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали
Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.