Контентке өту

Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді

Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді
ашық дерек

Бұған дейін Бағдагүл есімді емші желіде видео жариялап, тележүргізушіге қатысты өткір пікір білдірген болатын, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Осыған байланысты Динара Сәтжан қысқа ғана пікір қалдырып, «Сотта кездесеміз!» деп жазды. Оның бұл жауабы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін бейнежазба арқылы емші ашулы күйде сөйлеп, өзін «ауру» деп атағандарға жауап қайтаратынын мәлімдеген. Ол Динара Сәтжанның сөздеріне ренжігенін айтып, бұл мәселеде соңына дейін баратынын жеткізді.

Сондай-ақ Бағдагүл қазақ қыздарының намысын қорғайтынын айтып, өзін сынаған адамдарға қатаң жауап беретінін мәлімдеді. Видео барысында ол қоғамдағы кейбір әйелдерді де сынап, түрлі эмоциялық пікір білдірген.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты