Контентке өту

«Теңіз астында бір өмір бар...»: Айман Талғатқызының жұмбақ жазбасы жұртты ойландырды

«Теңіз астында бір өмір бар...»: Айман Талғатқызының жұмбақ жазбасы жұртты ойландырды
ашық дерек

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасымен оқырмандарының назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол өз парақшасында видео жариялап, астына: «Теңіз астында бір өмір бар, бетіне шықса көбігі көп…» деген жазба қалдырған.

Жұмбақ жазба желі қолданушылары арасында түрлі болжамдардың туындауына себеп болды. Кейбір оқырмандар бұл сөздерді қуанышты жаңалықтың ишарасы ретінде қабылдап, Айман Талғатқызының жүкті болуы мүмкін екенін жаза бастады.

Пікір қалдырушылардың бір бөлігі жазбаның астына құттықтау сөздерін қалдырса, енді бірі оның астарлы мағынасына қатысты өз ойларымен бөліскен.

Алайда әзірге Айман Талғатқызы аталған болжамдарға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Сондықтан желіде тараған ақпарат әзірге оқырмандардың жеке пайымдары мен болжамдары негізінде ғана айтылып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты