Контентке өту

“Топтың арасына іріткі салған”: “МузАрт” туралы күтпеген дерек жария болды

“Топтың арасына іріткі салған”: “МузАрт” туралы күтпеген дерек жария болды
ашық дерек

Түркістан театрының актері Шерхан Саматұлы “Қайырлы таң, Қазақстан” бағдарламасына қонақ болып, МузАрт тобына арналған театрландырылған қойылым туралы айтып берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актердің сөзінше, қойылымда топтың құрылу тарихы мен шығармашылық жолындағы маңызды кезеңдер сахналық форматта көрерменге ұсынылады. Сюжет желісінде топ мүшелерінің қалай танысып, өнер жолында біріккені көрсетілген.

“Басында Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев топ құрады. Яғни, біз трио болсақ деген арманда жүреді. Кейін мейрамханада ән айтып жүрген Сәкен Майғазиевті көріп қалады. Осылайша үшеуі бірігіп, топ құрады. Гастрольдерге шығады. Кейін бір продюсер келіп, топ арасына іріткі салуға тырысады. Ол Мақсатқа жеке әнші болуы керек екенін айтып, түрлі манипуляция жасайды. Ақыры Мақсаттың топтан кетуіне әсер етеді”, – деді актер.

Сондай-ақ қойылымда көрерменге ерекше әсер сыйлайтын тұстардың бірі – Мейрамбек Бесбаевтің ауырған кезеңі болмақ. Актердің айтуынша, бұл сахна балет әртістерінің көмегімен ерекше пластикалық шешімде қойылған.

“Мейрамбектің ауырған кезінде бүкіл халық болып дұғада болды. Сол сәтті режиссер балет әртістерімен бірге өте әсерлі етіп шығарды. Мұны көрермен алдағы уақытта өз көзімен көреді”, – деді Шерхан Саматұлы.

Актер қойылым оқиғалары толықтай өмірден алынғанымен, кейбір эпизодтар көркемдік мақсатта өзгертіліп, драматургиялық тұрғыда әсіреленгенін де атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты