Контентке өту

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен кездесіп, жоғары технологиялар саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Президент CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салу бастамасын құптады. Жоба жүзеге асқан жағдайда бұл кәсіпорын Орталық Азиядағы осындай ауқымдағы алғашқы өндіріс орны болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шикізатты терең өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыруға әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.

Өз кезегінде Пань Цзянь CATL Қазақстанды компанияның негізгі бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыратын маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді.

Сонымен қатар компания басшысы CATL Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсатына үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.

CATL – 2011 жылы құрылған және электромобильдерге арналған аккумулятор өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы саналады. Компания жаһандық нарықтың шамамен 40 пайызын иеленеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша CATL аккумулятор өнімдерінің сатылымы 661 ГВт-сағатқа жетіп, компанияның табысы 62,6 миллиард долларды, ал таза пайдасы 10,6 миллиард долларды құрады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты