Контентке өту

Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды

Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды
ашық дерек

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасында қуанышты жаңалық орын алды - өнер иесі жетінші рет әке атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

7 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында әншінің отбасында қыз бала дүниеге келді. Бұл — олардың жетінші перзенті әрі жетінші қыздары. Қазақ танымында ерекше мәнге ие «жеті» саны бұл оқиғаға тіпті де айрықша реңк беріп отыр.

Желі қолданушылары мен өнер сүйер қауым бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас отбасына ақжарма тілектерін жаудыруда. Көпшілік сәбидің амандығын тілеп, ата-анасына зор қуаныш пен береке әкелуін тіледі.

«Киелі жетілік! Бұл -үлкен нығмет. Алла сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін!» — деп жазуда оқырмандар.

Қазіргі уақытта сәбидің есімі әлі қойылмаған. Осыған байланысты желіде түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Қазақы мәні бар, әдемі әрі мағыналы есімдерге деген қызығушылық жоғары.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі - отбасылық құндылықтарды жоғары бағалайтын, көпбалалы әке ретінде танылған өнер иесі. Бұл қуанышты жаңалық оның жанкүйерлері үшін де ерекше оқиға болды.

Сіз қандай есім ұсынар едіңіз?
Пікірге өз нұсқаңызды қалдырыңыз - бәлкім, дәл сіздің ұсынысыңыз таңдалар!

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты