Контентке өту

Тұрар Рысқұлов ауданында баспана кілттері табысталды

Тұрар Рысқұлов ауданында баспана кілттері табысталды

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана кілттері табысталды.

Ауданда тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соңғы жылдары 406 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде Арай алқабындағы 80 пәтерлі екі тұрғын үй, Луговой ауылындағы 20 қызметтік пәтер, 210 жеке тұрғын үй және «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген 15 баспана бар.

Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында аудан әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлескен жұмысты да жалғастыруда. Биыл осы бағытта 145 отбасын баспанамен қамту жоспарланған.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 80 отбасы баспанаға ие болды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты