2025 жылдың 10 айында облысқа 99 мыңнан астам турист келген. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 18,3 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 27%-ға артты.
Сонымен қатар, ішкі сауда мен баға тұрақтылығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау, тұрақтандыру қоры арқылы өнім жеткізу және әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту халықтың сатып алу қабілетін сақтауға мүмкіндік берді.
Сауда, туризм және инфрақұрылымның қатар дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын күшейтіп отыр.