Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызының қуанышты жаңалығы желіде қызу талқыланып жатыр. Ол Дубай қаласындағы Британ университетінде архитектор мамандығы бойынша білім алып, дипломдық жұмысын үздік қорғаған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жақындарының айтуынша, Әдемі оқу барысында үлкен жауапкершілік танытып, талай ұйқысыз түн өткізіп, білімге бар күш-жігерін салған. Әсіресе дипломдық жұмысын жазу кезінде өзін толықтай оқуына арнап, әр дүниеге мұқият қарағаны айтылды.
“Сырт елде оқу өте жауапты әрі кейде қауіпті. Жүйе де бөлек. Соған қарамастан, сабағын да, анасын қолдауды да қатар алып жүрді” деген жазба көпшіліктің ықыласына бөленді.
Енді Әдемі халықаралық деңгейдегі жас маман ретінде үлкен өмірге қадам басып отыр. Желі қолданушылары оған ақ жол тілеп, жетістігіне сүйсінуде.