Контентке өту

Тұрсынғали Алагөзов тағы 50 қызметкерін баспанамен қамтыды

Тұрсынғали Алагөзов тағы 50 қызметкерін баспанамен қамтыды
ашық дерек

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов тағы да жомарттығымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл жолы ол Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жаңа баспаналар толық әрленген күйде берілген. Пәтер иелері атанғандардың арасында кәсіпорында ондаған жыл еңбек еткен жұмысшылар бар. Олардың кейбірі зауытта 46 жылға жуық уақыт қызмет атқарған.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде Тұрсынғали Алагөзов өзі де өмірде қиын кезеңдерді бастан өткергенін айтып, қызметкерлерге қолдау көрсету не үшін маңызды екенін түсіндірді.

«Бір кездері айына 200 мың теңге табатынмын. Жалдамалы пәтерде тұрып, тіпті сүт алуға ақша жете ме деп уайымдайтынмын. Сол кезде егер бизнесімді қайта қалпына келтірсем, адамдарға көмектесемін деп өзіме уәде берген едім», – деді кәсіпкер.

Айта кетейік, Тұрсынғали Алагөзов 2024 жылы Шымкент сыра зауытының жаңа құрылтайшысы атанған болатын. Бұған дейін кәсіпорын кәсіпкер Тоқтар Төлешовке тиесілі болған. Қазіргі таңда зауытты Арсен Алагөзов басқарады.

Бұл Алагөзовтің қызметкерлерге көрсеткен алғашқы көмегі емес. Өткен жылы ол өзінің GALANZ Bottlers компаниясының жұмысшыларына 100 пәтер сыйлаған еді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты