Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Руслан Құрбанов Астанада өткен семсерлесуден әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды baq-orda.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық семсерші турнирлік қашықтықты сенімді түрде өтіп, шеберліктің жоғары деңгейі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Ефрейтор Руслан Құрбанов ширек финал кезеңінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиді 9:8 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасының өкілі венгриялық спортшы Дэвид Нагиді 15:13 есебімен жеңіп, ойдағыдай өнер көрсетті. Бұл оған турнирдің шешуші кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.
Соңғы жекпе-жекте ұландық спортшы Украина семсершісі Роман Свичкармен кездесті. Жекпе-жек қарқынды және тартысты өтті, бірақ қарсылас аз ғана (15:12) басымдықпен жеңіске жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ефрейтор Руслан Құрбанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.