Конституциялық реформалардың заңды жалғасы ретінде құрылған жаңа өкілді орган –құрылтайға бүгінде қоғам үлкен үміт артып отыр. Ол жай ғана саяси өзгерістердің көрінісі емес, берілген уәде мен халық сенімінің, билік пен қоғам алдындағы жауапкершіліктің нақты өлшеміне айналды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ең алдымен, жаңа органның келуімен заң шығару қызметінің сапасы мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде. Қазіргі заманғы Құрылтай тек ағымдағы әлеуметтік сұраныстарға жауап беріп қана қоймай, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының берік құқықтық негізін қалауы тиіс. Ол үшін қабылданатын әрбір заң жобасының ғылыми негізділігіне, олардың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарын кешенді бағалауға ерекше мән берілуі қажет. Заң шығару процесінің барлық кезеңдерінде ашықтық қамтамасыз етіліп, сарапшылық талқылаулар кеңінен жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, жаңа құрам заманауи сын-қатерлерге жедел үн қатуы керек. Бүгінгі таңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні құқықтық реттеуді жетілдіру – уақыт талабы. Құрылтай инновациялық дамуды қолдау мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау арасындағы алтын теңгерімді таба білуі қажет.
Жаңа Құрылтайдың алғашқы қабылдаған шешімдері мен нақты қадамдары оның тиімділігіне берілетін басты баға болмақ. Өйткені, халық құрғақ уәдеден гөрі, ел дамуына серпін беретін нақты істерді күтеді.
Қорыта айтқанда, жаңа Құрылтайдың алғашқы шешімдері мен нақты қадамдары оның тиімділігіне қоғам тарапынан берілетін басты әрі әділ баға болмақ. Құрылтай осы үдеден шығып, мемлекеттілікті нығайтудың сенімді тірегіне айналады деп сенеміз.
Рүстем Бегалиев, Жамбыл аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы