Контентке өту

Жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан күрес федерациясының вице-президенті атанды

Жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан күрес федерациясының вице-президенті атанды
ашық дерек

Жайдарманшы әрі әзілкеш Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, жаңа қызмет – үлкен жауапкершілік пен сенім.
«Бұл — үлкен жауапкершілік әрі сенім. Басты мақсат — ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар», — деп жазды Мансар Орынхан.

Жазбасына қарағанда, ол федерацияда медиа бағытына жауапты болады. Яғни, ұлттық спортты насихаттау, ақпараттық қолдау және қоғаммен байланыс мәселелері оның құзыретіне кіреді.

Алайда бұл тағайындау қоғамда түрлі пікір туғызды. Кейбір қолданушылар мен мамандар оның бұл қызметке келуін сынға алды. Атап айтқанда, спорт журналисі Аслан Қажен «медиа бойынша вице-президент» деген лауазымның бұрын-соңды болмағанын атап өтті.

Әлеуметтік желіде «спортқа қатысы жоқ адам», «қазақ күресінің деңгейі төмендеп барады» деген пікірлер де жазылуда.

Дегенмен, Мансар Орынханды қолдап жатқан оқырмандар да бар. Олар оның медиа саласындағы тәжірибесі ұлттық спортты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етуі мүмкін екенін алға тартады.

Айта кетейік, соңғы жылдары спорт саласында медиа мен PR бағытының рөлі артып келеді. Осы тұрғыда жаңа тағайындау алдағы уақытта өз нәтижесін көрсетуі мүмкін.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты