Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл еңбек еткен білікті маман, басқарушы кадрлардың бірі Жанар Оспанова дүниеден өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жанар Мықтыбекқызы еңбек жолында халық денсаулығын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Ол Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасын басқара отырып, медициналық қызмет сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті күшейту және ауылдық жерлерде медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі реформаларды жүзеге асырды.
Жанар Оспанованың өмір жолы – елге қызмет етудің, адал еңбектің үлгісі. Оның денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі мен жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.