Контентке өту

Жамбыл облысында «Ардагерлер» саябағы тазартылды

Жамбыл облысында «Ардагерлер» саябағы тазартылды

Жамбыл облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кезекті шара өтті. Бұл жолы Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан Құлан ауылындағы «Ардагерлер» саябағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Игі іске «Amanat» партиясының аудандық филиалы ұйытқы болып, оған белсенді жастар кеңінен атсалысты. Шара барысында 50-ге жуық ерікті саябақ аумағын қоқыстан тазартуға жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары тек қоқыс жинаумен шектелген жоқ. Қатысушылар жел салдарынан құлаған ағаштарды алып шығып, қураған бұталарды кесіп, саябақ ішіндегі жолдарды ретке келтірді. Сонымен қатар, пластикалық қалдықтар жиналып, аумақ толықтай тазартылды.

Акцияға «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері де белсенді қатысып, табиғатты қорғау мәдениетін арттыруға үндеді. Олар мұндай шаралардың қоғам үшін маңызын атап өтіп, тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Жалпы, бұл бастама өңірдегі қоғамдық белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны күтіп ұстау – тек бір реттік акция емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс маңызды жұмыс екені тағы бір мәрте дәлелденді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты