Контентке өту

Жамбыл облысында қайта өңдеу өнеркәсібі дамып келеді: ірі жобалар іске қосылады

Жамбыл облысында қайта өңдеу өнеркәсібі дамып келеді: ірі жобалар іске қосылады

Жамбыл облысында аграрлық өнімдерді терең өңдеу бағытында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдейтін кешені. Жобаның жалпы құны 800 млрд теңгені құрайды. 2026 жылдың бірінші тоқсанында оның алғашқы кезеңі іске қосылып, 500 мың тонна жүгері өңделеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 3 млн тонна жүгері өңдеп, өңірдің индустриялық әлеуетін айтарлықтай арттырады. Бұл өз кезегінде жүгері егіс алқаптарын 2029 жылға қарай 80 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қант өндірісі саласында да оң өзгерістер бар. Тараз қант зауыты 25 жылдан кейін қайта іске қосылып, жылына 200 мың тонна қант қызылшасын өңдейді. Ал Меркі қант зауытының қуаттылығы 250 мың тоннаны құрайды. 2027 жылы іске қосылатын «Zhongkai Kazakhstan» зауыты жылына 1 млн тонна өнім өңдейді.

Нәтижесінде 2028 жылдан бастап Жамбыл облысында жылына 1,5 млн тонна қант қызылшасы өңделіп, шамамен 186 мың тонна қант өндіріледі. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 10 есеге дейін өседі.

Жалпы, Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су ресурстарын тиімді басқару және қайта өңдеу өнеркәсібін күшейту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы саласының жаңа деңгейге көтерілуіне негіз болмақ.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты