Контентке өту

Жамбыл облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда

Жамбыл облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда


«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы бекітілген жоспарға сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Бүгінге дейін түрлі форматтағы 754 іс-шара ұйымдастырылып, 176 599 тұрғын қамтылды. Партия кандидаттары Тараз қаласындағы сауда орындарында тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесулер барысында азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар, «Есіктен-есікке» акциясы аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жалғасып, бағдарламаның басым бағыттары тұрғындарға кеңінен түсіндірілуде.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда. Бүгінге дейін кандидаттардың қатысуымен 9 кездесу ұйымдастырылып, түрлі сала өкілдерімен ашық пікір алмасу өтті. Кездесулер барысында еңбек қатынастары, әлеуметтік қолдау және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарына жауап алды. Көтерілген ұсыныстардың алдағы жұмыс барысында ескерілетіні айтылып, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру және кері байланыс жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

«BAYTAQ» жасылдар партиясы
«BAYTAQ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңір тұрғындарымен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаны таныстыру жұмыстарын жүйелі жалғастыруда. Осы уақытқа дейін экология және тұрақты даму бағытында 56 іс-шара ұйымдастырылды. Кездесулер барысында таза ауа, сапалы ауыз су, жасыл экономиканы дамыту және табиғи ресурстарды сақтау мәселелері көтерілді. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бастамаларды қолдайтындарын жеткізді. Барлық ұсыныстар алдағы жұмыстар барысында назарға алынатыны айтылып, түсіндіру және ақпараттық кездесулер тұрақты түрде өткізілуде.

Қазақстанның Халық партиясы
Қазақстанның Халық партиясы өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Бүгінге дейін партия бастамасымен 750 іс-шара ұйымдастырылып, еңбек ұжымдары және қоғам белсенділерімен кездесулер өткізілді. Соның аясында «Саясаттағы әйелдердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қоғамдық-саяси белсенділік мәселелері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Көтерілген бастамалар мен ұсыныстардың алдағы жұмыс барысында ескерілетіні айтылып, түсіндіру және кездесулер тұрақты түрде жалғасуда.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда. Бүгінге дейін партия бастамасымен 130 іс-шара өткізілді. Кездесулер барысында қоғамдық даму, азаматтық белсенділік және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, әлеуметтік бастамаларды қолдау жөнінде пікір алмасты. Барлық көтерілген мәселелер мен ұсыныстар партия өкілдерінің назарына алынып, түсіндіру және ақпараттық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы өңірде жоспарлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін 784 іс-шара ұйымдастырылып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, әлеуметтік-экономикалық бастамаларға түсіндірме берді. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын айтып, сауалдарын қойды. Барлық көтерілген мәселелердің алдағы жұмыс барысында ескерілетіні айтылып, тұрғындармен түсіндіру және кері байланыс жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

«Respublica» партиясы
Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жалғастыруда. Бүгінге дейін партия бастамасымен 80 іс-шара өткізіліп, еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Соның аясында Тараз қаласындағы Абай атындағы орталық кітапхана ұжымымен кездесу өтіп, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары таныстырылды. Қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сауалдарға жауап берілді. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың барлығы алдағы жұмыстар барысында назарға алынатыны айтылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жалғасуда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты