Контентке өту

Жамбыл облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда

Жамбыл облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда

«Әділет» партиясы

«Әділет» партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінге дейін 874 іс-шара өткізіліп, 220 895 тұрғын қамтылды. Партия өкілдері Тараз қаласындағы сауда орындарында тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берді. Кездесулер барысында қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап ұсынылды. Сонымен қатар, «Есіктен-есікке» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен кері байланыс орнату және бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіру шаралары тұрақты түрде жалғасуда.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы бекітілген жоспарға сәйкес сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін кандидаттардың қатысуымен 12 кездесу ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында түрлі сала өкілдерімен еңбек қатынастары, әлеуметтік қолдау және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, көтерілген сұрақтарға жауап алды. Айтылған бастамалардың алдағы жұмыстар барысында ескерілетіні жеткізіліп, ақпараттық-түсіндіру кездесулері мен тұрғындармен кері байланыс жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

«BAYTAQ» жасылдар партиясы

«BAYTAQ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңір тұрғындарымен жоспарлы кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстыру жұмыстарын жалғастыруда. Осы уақытқа дейін экология және тұрақты даму бағытында 64 іс-шара ұйымдастырылды. Кездесулер барысында қоршаған ортаны қорғау, таза ауа, сапалы ауыз су, жасыл экономиканы дамыту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қойылған сауалдарына жауап алды. Барлық ұсыныстар назарға алынатыны айтылып, түсіндіру және ақпараттық жұмыстар жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүргізілуде.

Қазақстанның Халық партиясы

Қазақстанның Халық партиясы Жамбыл облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бекітілген жоспар негізінде жалғастыруда. Бүгінге дейін партия бастамасымен 857 іс-шара ұйымдастырылып, еңбек ұжымдары мен қоғам белсенділерімен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, «Саясаттағы әйелдердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қоғамдық-саяси белсенділік мәселелері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Көтерілген мәселелер мен бастамалардың алдағы жұмыстар барысында ескерілетіні айтылып, ақпараттық-түсіндіру кездесулері тұрақты түрде жалғасуда.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Бүгінге дейін партия бастамасымен 166 іс-шара өткізілді. Кездесулер барысында қоғамдық даму, азаматтық белсенділік және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты. Барлық ұсыныстар мен бастамалардың алдағы жұмыстарда ескерілетіні жеткізіліп, түсіндіру және ақпараттық кездесулер тұрақты түрде жалғасуда.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жалғастыруда. Осы уақытқа дейін 849 іс-шара ұйымдастырылып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, әлеуметтік-экономикалық бастамалар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды. Көтерілген мәселелердің алдағы жұмыстар барысында ескерілетіні айтылып, тұрғындармен түсіндіру және кері байланыс жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

«Respublica» партиясы

«Respublica» партиясының Жамбыл облыстық филиалы бекітілген жоспарға сәйкес сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Бүгінге дейін партия бастамасымен 88 іс-шара өткізіліп, еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Соның аясында Тараз қаласындағы Абай атындағы орталық кітапхана ұжымымен кездесу өткізіліп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Көтерілген мәселелердің алдағы жұмыстар барысында ескерілетіні айтылып, ақпараттық-түсіндіру және кері байланыс шаралары тұрақты түрде жалғасуда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты