«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы сайлауалды науқан аясындағы жұмыстарды бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асыруда. Қазіргі уақытқа дейін партия өкілдерінің қатысуымен 1437 іс-шара өткізіліп, 363 419 тұрғын қамтылды. Тараз қаласындағы сауда нысандарында тұрғындар мен кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылып, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар түсіндірілді. Кездесулер барысында азаматтардың ұсыныстары тыңдалып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарына жауаптар берілді. Сонымен қатар «Есіктен-есікке» акциясы аясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Партия мүшелері халықпен тікелей байланыс орнатып, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын таныстыру және азаматтармен кері байланыс жасау жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін кандидаттардың қатысуымен 27 кездесу ұйымдастырылды. Кездесулерде түрлі сала өкілдерімен еңбек қатынастары, әлеуметтік қолдау тетіктері және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Басқосулар кезінде тұрғындар мен қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Партия өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, айтылған ұсыныстар мен пікірлердің алдағы жұмыс барысында назарға алынатынын атап өтті. Өңірде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу, тұрғындардың пікірін тыңдау және кері байланыс орнатуға бағытталған жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес өз жалғасын тауып келеді.
«BAYTAQ» жасылдар партиясы
«BAYTAQ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңір тұрғындарымен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде атқаруда. Осы уақыт аралығында қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелеріне бағытталған 119 іс-шара өткізілді. Кездесулер барысында экологиялық ахуалды жақсарту, ауа сапасын сақтау, халықты таза ауыз сумен қамту, жасыл экономиканы дамыту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері сөз болды. Жиынға қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, көтерілген тақырыптар бойынша сауалдарына жауап алды. Партия өкілдері азаматтар тарапынан айтылған бастамалар мен ұсыныстардың алдағы жұмыс барысында ескерілетінін жеткізді. Тұрғындармен ақпарат алмасу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кері байланыс жасау бағытындағы кездесулер өңірде бекітілген жоспарға сай жалғасуда.
Қазақстанның Халық партиясы
Қазақстанның Халық партиясы Жамбыл облысындағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бекітілген жоспар негізінде тұрақты түрде жүргізуде. Қазіргі кезеңге дейін партияның ұйымдастыруымен 1140 іс-шара өткізіліп, еңбек ұжымдары мен қоғамдық белсенділермен кездесулер өткізілді. Сонымен бірге «Саясаттағы әйелдердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әйелдердің қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын арттыру мәселелері қарастырылды. Басқосу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Талқылау кезінде көтерілген мәселелер мен айтылған бастамалардың алдағы жұмыс барысында назарға алынатыны атап өтілді. Партия өкілдері тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу, олардың пікірлерін тыңдау және тұрақты кері байланыс орнату жұмыстарын белгіленген жоспарға сәйкес әрі қарай жалғастыруда.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат шараларын бекітілген жұмыс жоспарына сай ұйымдастыруда. Бүгінгі күнге дейін партия бастамасымен 260 іс-шара өткізілді. Кездесулер кезінде қоғамдық даму, азаматтардың белсенділігін арттыру және әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейту бағыттары бойынша пікір алмасулар жүргізілді. Жиынға қатысушылар өз көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды және талқыланған мәселелерге қатысты пікір алмасты. Партия өкілдері тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен бастамалардың алдағы қызмет барысында ескерілетінін жеткізді. Сонымен қатар азаматтармен ақпарат алмасу, сайлауалды бағдарлама бағыттарын түсіндіру және кері байланыс орнату мақсатындағы кездесулер өңір аумағында бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты түрде жалғасып келеді.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы өңірде ақпараттық-түсіндіру бағытындағы жұмыстарды бекітілген жоспар бойынша жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін партия ұйымдастыруымен 914 іс-шара өткізіліп, еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы бастамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқосуларға қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын білдіріп, түрлі мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Партия өкілдері қойылған сауалдарға жауап беріп, азаматтар тарапынан көтерілген ұсыныстардың алдағы қызмет барысында назарға алынатынын атап өтті. Тұрғындармен ақпарат алмасу, түсіндіру және кері байланыс жасауға бағытталған жұмыстар өңірде белгіленген кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасуда.
«Respublica» партиясы
«Respublica» партиясының Жамбыл облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат науқанын бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Бүгінгі күнге дейін партия бастамасымен 133 іс-шара өткізіліп, еңбек ұжымдары мен өңір тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі басымдықтар таныстырылды. Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сауалдарына жауап алды. Партия өкілдері азаматтармен пікір алмасу кезінде көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың алдағы жұмыс барысында ескерілетінін атап өтті. Өңір тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, пікірлерін тыңдау және кері байланыс орнату шаралары бекітілген жоспарға сәйкес әрі қарай жалғасын табуда.