Контентке өту

Жамбыл вокзалы жаңа стандартқа өтеді: жайлылық пен қауіпсіздік артады

Жамбыл вокзалы жаңа стандартқа өтеді: жайлылық пен қауіпсіздік артады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ғимаратында вице-министр Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Жамбыл облысындағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Мемсараптама» РМК, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты.

Кеңес барысында Боранды, Отар, Тараз, Түрксіб және Шу станцияларындағы вокзалдарды реконструкциялау жобалары қаралды.

Жұмыс кестелерінің сақталуы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, сондай-ақ реконструкция кезеңінде жолаушыларға қолайлы қызмет көрсету үшін уақытша инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, бағдарламаға енгізілген барлық вокзал кешендерін ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға, мердігер және жобалау ұйымдарына жобаларды іске асыру қарқыны мен сапасын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Вокзалдарды реконструкциялау Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары үшін теміржол инфрақұрылымының жайлылығы, қауіпсіздігі және қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты