Контентке өту

Жамбылда 2,2 мың адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде

Жамбылда 2,2 мың адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясына қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова баяндама жасады.

Баяндамада өңірде әлеуметтік сала, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтерді дамыту бағытындағы жұмыстар атап өтілді.

2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша облыста жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 18 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Бұл мекемелер арқылы 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіліп, 2,2 мың адам қамтылған.

Орталықтардың 7-еуі – стационарлық, 9-ы – жартылай стационарлық, 2-уі – уақытша болу форматында.

Сонымен қатар, 11 орталық балаларға арналған, онда 548 бала тәрбиеленуде.

2026 жылы аталған салаға 9,3 млрд теңге бөлінген. Соңғы үш жылда қаржыландыру көлемі 12%-ға артқан.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында үш жылда 1 млрд теңге жұмсалып, жаңару деңгейі 76%-ға жеткен. Алдағы екі жылда тағы 550 млн теңге қарастырылып, бұл көрсеткішті 85%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Жиын барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына сауалдар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, сессияда өзге де маңызды мәселелер қаралды.

Жиын соңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және 15 наурыз күні өткен республикалық референдумды ұйымдастыруға белсенді қатысқан бірқатар азаматтар марапатталды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты