Контентке өту

Жамбылда коммуналдық қызмет тарифтерін бақылау күшейтілді

Жамбылда коммуналдық қызмет тарифтерін бақылау күшейтілді

Жамбыл облысында табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясаты мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуына бақылау жалғасуда. Негізгі мақсат – коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті *39 табиғи монополия субъектісінің* қызметін реттейді. Олар сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, табиғи газды тасымалдау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру және басқа да *59 қызмет түрін* көрсетеді.

2026 жылдың басынан бері департаментке табиғи монополия субъектілерінен тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекітуге қатысты *86 өтінім* түскен. Сонымен қатар қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағалардың шекті деңгейден жоғары көтерілуіне қатысты 5 хабарлама келіп түскен.
Түскен өтінімдерді қарау нәтижесінде 8 тариф бекітілді. Ал 49 өтінім бойынша қараудан бас тартылса, 18 өтінім субъектілердің өздері тарапынан кері қайтарылған. Қазіргі таңда тағы **14 өтінім қаралуда

Департаменттің бақылау бағыттарының бірі – бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың нақты орындалуын тексеру.

2025 жылғы көрсеткіштерді талдау барысында *9 табиғи монополия субъектісі бойынша 726,22 млн теңге көлемінде орындалмаған шығын* анықталған. Осыған байланысты тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында қолданыстағы тарифтерді төмендету арқылы уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жұмыстар да жүргізілуде. 2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста *3 табиғи монополия субъектісі* жұмыс істеп жатыр.

«Жамбыл су» МКК-ның үш жобасына *674,2 млн теңге, «Таразтрансэнерго» МКК-ның екі жобасына **2,393 млрд теңге, ал «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің 15 жобасына **20,663 млрд теңге* қарастырылған.

Осы жобалардың жалпы құны *23,7 млрд теңгеден асады*. Қаражат коммуналдық және энергетикалық желілерді қайта жаңартуға бағытталмақ.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың 8 айында департамент әкімшілік құқық бұзушылық бойынша *15 іс қозғаған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы **18 280 909 теңгені* құрады. Оның ішінде «Тараз былғары зауыты» ЖШС-не 4,267 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Департамент мәліметінше, барлық әкімшілік айыппұлдар мемлекет кірісіне толық өндірілген.

Коммуналдық қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу, инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау және тұтынушылардың мүддесін қорғау бағыттарына басымдық берілмек.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты