Контентке өту

Жамбылдық балуан Нұрданат Айтанов – Қазақстан чемпионы атанды

Жамбылдық балуан Нұрданат Айтанов – Қазақстан чемпионы атанды
ашық дерек

Әулиеата төрінде өткен еркін күрестен U23 жас ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жамбылдық спортшы Нұрданат Айтанов топ жарып, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аталған жарыста 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен балуан финалда қарсыласы Аллан Оралбекпен белдесті. Шешуші кездесуде Нұрданат айқын басымдық танытып, сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Айтанов Нұрданат Мұратұлы – халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген дарынды спортшылардың бірі. Ол 2025 жылы еркін күрестен U-20 Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, сол жылы өткен U-20 Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанған.

Жамбыл өңірінің намысын абыроймен қорғап жүрген жас балуанның бұл жеңісі – оның спорттағы тұрақты еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты