Танымал продюсер Жан Мұқанов қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, сегізінші рет әке атанғанын мәлімдеді. Ол жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялап, ерекше сәтпен оқырмандарын да бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Продюсердің айтуынша, анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Ол бұл сәтті өміріндегі ең үлкен бақыттардың бірі деп атап, уақыт өте келе адам үшін атақтан бұрын артында қалатын іздің маңызды екенін түсінгенін жеткізді.
Желі қолданушылары мен әріптестері өнер иесін құттықтап, сәбиге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Көпшілік бұл жаңалықты жылы қабылдап, продюсердің отбасына ақ тілектерін жаудырды.