Контентке өту

Жанәбіловтер ісі: прокурор 4 жыл түрме жазасын сұрады

Жанәбіловтер ісі: прокурор 4 жыл түрме жазасын сұрады

Астанада Жанәбіловтерге қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 214 және 218-баптары бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды. Сонымен бірге олардың мүлкін тәркілеу мәселесі де көтерілді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Прокурордың айтуынша, Ерболат Жанәбілов ҚР ҚК 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша жауапқа тартылуы тиіс. Мемлекеттік айыптаушы 214-бап бойынша 2 жыл 6 ай, ал 218-бап бойынша 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұрады. Қылмыстар жиынтығын ескере отырып, түпкілікті жаза ретінде 4 жыл мерзім ұсынылды. Сондай-ақ оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу және сот залында қамауға алу туралы өтініш білдірілді.

Осыған ұқсас талаптар Эльмира Төлегенова қатысты да қойылды. Прокурор оған да 214-бап бойынша 2 жыл 6 ай, 218-бап бойынша 4 жыл жаза тағайындауды сұрап, нәтижесінде 4 жылдық мерзімді бекітуді ұсынды. Алайда оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, жазаны өтеуді бір жылға кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруды жеткізді.

Қазіргі таңда сот процесі жалғасуда, түпкілікті шешім әлі жарияланған жоқ.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты