Контентке өту

Жанель Әлмағанбет әлем чемпионы атанды

Жанель Әлмағанбет әлем чемпионы атанды

Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тумасы Жанель Әлмағанбет халықаралық аренада тарихи жетістікке қол жеткізіп, джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіс – тек жас спортшының ғана емес, бүкіл өңірдің абыройын асқақтатқан зор жетістік, деп хабарлайды baq-orda.kz.

2026 жылғы 12–18 мамыр аралығында Antalya қаласында өткен Ju-Jitsu World Championship турнирінде Жанель юниорлар арасында +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Full Contact және Hi-Contact бөлімдері бойынша өткен тартысты бәсекеде ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Жанель – Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Оның бұл табысы – табандылықтың, еңбекқорлықтың және үздіксіз жаттығудың нәтижесі. Жас спортшыны жарысқа дайындаған жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Уалихан Кемалов шәкіртінің үлкен спорттағы болашағына әрдайым сенім артып келген.

Жас чемпионды тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел мерейін үстем ете беруіне тілектеспіз.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты