Контентке өту

«Жанымды беруге әзірмін»: Наркенже Серікбаева жазбасымен көпшілікке ой салды

«Жанымды беруге әзірмін»: Наркенже Серікбаева жазбасымен көпшілікке ой салды
ашық дерек

Қазақстандық әнші Наркенже Серікбаева бұл жолы өнерімен емес, жүрек тебірентерлік аналық сезімімен көпшілікті елжіретті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қыздарына арнап ерекше жазба жариялап, ана жүрегінің шексіз махаббатын ақтарды. Оның айтуынша, өмірдегі ең үлкен күші мен шабыты - перзенттері.

«Маған күш беретін бір ғана нәрсе болса, ол - қыздарыма деген махаббатым», - деген әнші Жансая мен Хадияны Алланың сыйы деп атап, шүкіршілік білдірді.

Жазбада ана мейірімі, қазақы таным мен нәзік сезім әдемі үйлесім тапқан. Әнші қыздарын «қызғалдақтарым» деп еркелетіп, олардың күлкісі үшін барын беруге дайын екенін жеткізді.

Бұл әсерлі жазба желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Көпшілік «нағыз ана», «жүрекке жетті», «қыздарыңыздың қызығын көріңіз» деген сынды жылы пікірлерін жарыса жазып, ақ тілектерін арнады.

Осылайша Наркенже Серікбаева тағы бір қырынан танылып, аналық махаббаттың қандай шексіз әрі таза сезім екенін көрсетті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты