Актриса Жанель Серғазина жақында журналист Айнұр Ілиясованың подкастына сұхбат беріп, отбасы, мансап және жеке өмірі туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Сұхбат барысында ол әнші Еркеш Хасенмен қарым-қатынасының қалай басталғанына тоқталды. Жанельдің айтуынша, олардың жақын араласуы басталған кезде Еркеш бұрынғы жары Айгеріммен ресми түрде ажырасқан болған.
Алайда бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Себебі бұған дейін желіде Еркеш Хасеннің бұрынғы жұбайы Айгерімнің жақын құрбысы Сандуғаштың жазбасы кеңінен тараған еді. Онда Айгерімнің ұзақ уақыт бойы үнсіз қалып, көптеген қиындықтарды бастан өткергені айтылған.
Осылайша, арада жарты жыл өткен соң бұл оқиға қайтадан көпшіліктің назарын аударып отыр. Бір тарап Жанель Серғазина өз шындығын жеткізді деп есептесе, енді біреулері оқиғаның мән-жайы мүлде басқаша болуы мүмкін деген пікірде.
Қазіргі таңда аталған мәселеге қатысты тараптардың ұстанымы әртүрлі болғандықтан, оқиға төңірегіндегі талқылау әлі де жалғасып жатыр.