Контентке өту

Жазира Байырбекова :«Күйеуім дұрыс деді ме, болды»

Жазира Байырбекова :«Күйеуім дұрыс деді ме, болды»
ашық дерек

Танымал әнші Жазира Байырбекова жақында құрбысы, коуч Айнұр Тұрсынбаева ұйымдастырған ретритке қатысып, көпшіліктің назарын аударған ойымен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ретрит барысында қойылған «Неден қатты қорқасың?» деген сұраққа әнші ашық жауап беріп, тек күйеуінен ғана қорқатынын, ал басқа ешнәрседен қорықпайтынын жеткізген. Оның «Күйеуім дұрыс деді ме, болды» деген сөзі әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл сөзді қазақы тәрбие мен отбасыдағы сыйластықтың көрінісі ретінде қабылдап, әйел адамның еріне құрметі деп бағалады. Олардың айтуынша, мұндай көзқарас – ұлттық құндылықтарға сай келетін ұстаным.

Ал енді бір топ оқырман бұл пікірді сынға алып, оны әйел адамның өзін төмендетуі ретінде бағалады. Олар заманауи қоғамда әйел мен ер адамның тең құқылы болуы керектігін алға тартып, мұндай ойдың ескіргенін атап өтті.

Қалай болғанда да, Жазира Байырбекованың бұл сөзі қоғамда отбасы құндылықтары, әйелдің рөлі және жеке көзқарас мәселелері төңірегінде қызу талқылауға түрткі болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты